Кезектес салалас сөйлем — синтаксистік компоненттерінде баяндалатын іс-әрекеттің бірінен соң бірі кезектесіп іске асатындығын білдіретін кұрмалас сөйлем. Кезектес салалас сөйлемнің бір ерекшелігі тек жалғаулықтар арқылы байланысатынында. Кезектес салалас сөйлемді жасауға қатысатын жалғаулықтар: біресе, бірде, кейде. Мысалы: Кейде қабағы түксие қалады, кейде бет әлпеті күлім қағады (Б. Майлин).Қазан тұрып біресе атын мақтады,біресе өзін мақтады,бірақ айналып келгенде,бәрі де Бегілдің өнерін сөз етісті(Қорқыт)Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.

«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика