Шу ауданы — Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1931 жылы құрылған. Мойынқұм, Қордай, Меркі, Жамбыл аудандарымен және Қырғызстан Республикасымен шекаралас жатыр. Жер аумағы 12,0 мың км². Аудан орталығы – Төле би ауылы.

Тарихы Ақ иық Алатаудан бастау алатын Шу өзенінің қос қанаты ежелден-ақ жергілікті жұрттың құтты қонысы болған. Ғылыми деректерге сүйенсек, біздің жыл санауымыздан бұрын Шу өңірінде Сақ аталған елдің бір бұтағы өмір сүрген.

Бесінші ғасырдың орта тұсында Шу өңірі Түрік қағанатының құрамына кіреді. Осы кезде Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Шу өңірінде де қалалық мәдениет бой көтереді. Ел мал шаруашылығымен бірге, отырықшылдық кәсіпті де игереді. Шу қырғыз және қазақ жеріндегі ана өзендердің бірі. Ұзындығы – 1186 км (Қазақстан аумағында 800 км) Қырғыз Алатауынан бастау алып, Бетпақ шөліне дейін созылып ағатын өзеннің екі жақ бетіндегі кеңістік Шу өңірі аталады.

Шу өңірінің еліміздің тарихында аса зор маңызға ие болуы XV ғасырдың орта тұсында Қазақ хандығының, яғни ұлттық мемлекеттігіміздің іргетасының қалану кезеңіне тұспа-тұс келеді. Ғылымда хижраның 870 жылы, яғни 1465-1466 жылдар қазақ хандығының құрылған кезі ретінде қабылданған. Ал оның туы тігілген жері Шу өзені бойындағы «Қозыбасы» аталатын шоқы еді. Ұлы тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулат бұл өңір сол тұста Моғолстан хандығының батыс шеті болғандығын айтып, оны Иса Бұға ханның Жәнібек пен Керей сұлтандарға (Әбілқайыр хан ұлысынан жарыла көшіп келген) үлеске бергендігін айтады. Жаңадан құрылған қазақ хандығына бұл аймақ өте қолайлы мекен болды. Өзбек ұлысын билеуші Әбілқайыр хан өмірден озған соң оның құрамындағы қазақ тайпалары енді Жәнібек пен Керей басқарған хандыққа біржола өте бастайды да, алғашында жаңа хандық өзбек-қазақ елі аталады. Шу өңірі қазақ елінің ұлттық мемлекеттігінің бесігі ғана емес, сондай-ақ қазақ бірлестігінің жаңа сапаға, яғни ұлттық тұтастыққа өтуіне ұйытқы болған аймақ.

XIX ғасырдың 50-60 - шы жылдары Жетісу өңірінде Ресей билігі орнады. 1867 жылғы Уақытша Ереже бойынша Шу өңірі Түркістан генерал-губернаторлығы құрамындағы Жетісу облысына қарады. Түрксібтің салынуы ауданда ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өріс жаюына шешуші ықпал жасады. Теміржол арқылы аудан шаруашылығана қажет деген жанармай, ауылшаруашылық техникалары, сондай-ақ, басқа тауарлар тасымалданды. Аудан үстінен өткен темір жол торабы 144 шақырымға, ал Қосқұдықтан Бетпақдалаға дейін созылған ішкі темір жолдың ұзындығы 130 шақырымға, аудан ішіндегі көлік жолы (шоссе) – 359 шақырымға жетті. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің 1930 жылғы 17 желтоқсандағы қаулысының күшімен Алматы облысы құрамында Шу ауданы құрылды. Орталығы - Шу селосы болып белгіленді. Шу өңірінде тұңғыш рет темір жол қатынасы 1928 жылдың қоңыр күзінде іске қосылды.

Қазақ КСР Орталық Атқару Комитетінің 1937 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен Шу стансасына қала түріндегі кент атағы берілді. 1957 жылы Шу депосы толықтай тепловозға көшірілгеннен кейін тепловоздарды жөндеуді және пайдалануды үйрену үшін бұрынғы Одақтың түкпір-түкпірінен келушілер көбейді. 1977 жылы Шу қаласында Шу жол бөлімі құрылды. 1987 жылғы 21 қыркүйекте Шығанақ-Бірлік-1 электрлендірілген учаске пайдалануға берілді. Ал 1988 жылы Шу торабын электрлендіру толығымен аяқталды. 1996 жылы Шу-Отар учаскесіндегі жолды электрлендіру жұмыстары да аяқталды. 1960 жылғы 24 желтоқсанда жарық көрген Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Жарлығына сәйкес Шу жұмысшылар кенті ауданға бағынатын Шу қаласы атанды. Сондықтан бұл дата Шу қаласының туған күні саналады. 1962 жылы Оңтүстік Қазақстан өлкесінің жаңадан құрылуына байланысты Шу қаласы өлкелік билікке бағынды. Екі жылдан кейін өлке таратылып, Шу қаласы қайтадан Шу ауданының құрамына қосылды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1965 жылғы 4 қарашадағы Жарлығымен Шу қаласы Жамбыл облыстық бағынысқа көшірілді. Ал 1997 жылдың 1 сәуірінен бастап Елбасы Жарлығымен Шу қаласы Шу ауданының құрамына қайта қосылды.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Географиясы Солтүстігінде Мойынқұм және Алматы облысының Жамбыл аудандарымен, батысында Меркі ауданымен, шығысында Қордай ауданымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.

Ауданның көпшілік жері жазық, оңтүстік, оңтүстік-шығысы таулы. Батысын Мойынқұм алқабының құмды-қырқалы төбелері, шығысын Кіндіктас сілемінің батыс бөлігі, орталық және солтүстік бөлігін Шу-Іле тауларының Айтау, Хантау, Аңырақай таулары, қиыр солтүстігін Жусандала үстіртті даласы алып жатыр. Аудан аумағынан Шу, Қорағаты және Ақсу өзендері ағады. Жер қойнауынан мыс рудалары (Шатыркөл кен орны) мен құрылыс материалдары барланған.

Табиғаты Климаты тым континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақ. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда – 6 – 9°С, шілдеде 24 – 25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 250 мм. Аудан жерінде Шу өзені және оның алабындағы Ақсу, Тоқтас, Қорағаты, Қайынды, Сарықау, Майтас, Еспе, Шоқпар, Теректі, Ойранды, Шатыркөл, Үңгірлі өзендері ағады. Шу өзендеріне ірі Тасөткөл бөгені және Аспара, Ақсу, Новое, Тәтті, Шілік, Шөмішті атты шағын бөгендер салынған. Көлдердің аумағы негізінен шағын. Олар: Қаракөл, Бесқатын, Тоғызкөл, Сарықұдық, Жарқұдық, Жантақты, Апанай, Қобы, Далаңқұдық, Тақыр, Қарақұдық, Алаботалы. Аудан жерінің басым көпшілігі сұр, сортаңды сұр, құмдақ топырақты (Мойынқұм және ауданның орталық мен солтүстік бөлігі), оңтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы өңірінде қоңыр, бозғылт қоңыр, қызғылт қоңыр топырақты, өзен аңғарлары бойында шалғынды сұр топырақты. Өсімдігіне жусан, боз, күйреуік, баялыш, бетеге, ши, қамыс, құрақ, қарағаш, көктерек, сексеуіл басым. Қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, жабайы шошқа, ақбөкен, сарышұнақ, аламан, т.б. кездеседі.

Халқы thumb|200px|right|Аудандық аурухана және Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш, Шу қаласы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы,  КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 57499 81042 58453 58887 61246 95176 94669 105298 Тұрғындар саны - 101 693 адам (2019). Аудан халқы көп ұлтты, мұнда негізінен қазақтар (72,57%), орыстар (9,52%), түріктер (5,82%), әзербайжандар (3,41%), күрдтер (3,14%), т.б. ұлт өкілдері (5,55%) тұрады. Халықтың 1 км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 7,7 адам. Ауданның тұрғын халқының 40,2%-ын қала тұрғындары құрайды.

Әкімшілік бөлінісі 35 елді мекен 1 қалалық әкімдік пен 18 ауылдық округке біріктірілген: + Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Ақсу ауылдық округі 2374 2312 97,4 1231 1189 96,6 1143 1123 98,3 Ақтөбе ауылдық округі 1181 1106 93,6 617 549 89 564 557 98,8 Алға ауылдық округі 928 3379 364,1 507 1770 349,1 421 1609 382,2 Балуан Шолақ ауылдық округі 1807 1734 96 915 872 95,3 892 862 96,6 Бірлік ауылдық округі 5049 3647 72,2 2550 1858 72,9 2499 1789 71,6 Бірлікүстем ауылдық округі 1971 2047 103,9 989 1050 106,2 982 997 101,5 Далақайнар ауылдық округі 1358 1373 101,1 688 716 104,1 670 657 98,1 Дулат ауылдық округі 1193 1280 107,3 641 696 108,6 552 584 105,8 Дінмұхамед Қонаев ауылдық округі 5371 6226 115,9 2697 3204 118,8 2674 3022 113 Ескішу ауылдық округі 3409 3169 93 1742 1628 93,5 1667 1541 92,4 Жаңажол ауылдық округі 2710 2794 103,1 1317 1367 103,8 1393 1427 102,4 Жаңақоғам ауылдық округі 2567 2669 104 1275 1396 109,5 1292 1273 98,5 Көкқайнар ауылдық округі 1413 1659 117,4 712 845 118,7 701 814 116,1 Қорағаты ауылдық округі 2525 2483 98,3 1269 1296 102,1 1256 1187 94,5 Өндіріс ауылдық округі 1518 1520 100,1 704 787 111,8 814 733 90 Тасөткел ауылдық округі 1001 896 89,5 515 480 93,2 486 416 85,6 Төле би ауылдық округі 19287 19905 103,2 9603 9809 102,1 9684 10096 104,3 Шоқпар ауылдық округі 2476 2285 92,3 1274 1200 94,2 1202 1085 90,3 Шу қалалық әкімдігі 36531 44814 122,7 17743 21647 122 18788 23167 123,3 ЖАЛПЫ САНЫ 94669 105298 111,2 46989 52359 111,4 47680 52939 111

+Ірі елді мекендері: Ауыл аты Халық саны (2021) Шу 44814 Төле би 19 771 Қонаев 6226 Бірлік 3647 Жаңажол 2794 Көктөбе 2669 Белбасар 2370 Алға 2247

Ауыл шаруашылығы Аудан 1997 жылға дейін негізінен қант қызылшасы мен биязы жүнді қой, оларға қосымша астық, сүтті, етті-сүтті мал, жылқы, шошқа, көкөніс, бақша, қымбат елтірілі аң өсіруге маманданған 3 ұжымшар, 14 кеңшар, 1 аң шаруашылығы болған.

Ауданда барлық ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы (2005) шамамен 1,08 миллион га, оның ішінде егістік жер 160,3 мың га. Ауыл шаруашылығына тікелей арналған жер 807,3 мың га-ны құрайды. Оның 57,6 мың га жері шаруа қожалықтарына берілген.

Ауданда экономика саласы бойынша тіркелген шаруашылық субъектілерінің саны (2005): өнеркәсіп саласында 7, ауыл шаруашылығында 39, құрылыста 3, сауда және қоғамдық тамақтандыруда 20, басқалары 20. Ауданда өсімдік шаруашылығымен бірге мал шаруашылығы да жақсы дамыған. 2005 жылы ауыл бойынша 15,8 мың ірі қара, 89,9 мың қой мен ешкі, 5,2 мың жылқы, 3,4 мың шошқа, 85,0 мың құс болды. Олардан (барлық шаруашылық санаттарын қоса есептегенде) 3,43 мың т ет, 10,8 мың т сүт, 2,3 миллион дана жұмыртқа өндірілді.

Қазіргі таңда (2015) ауданда барлығы 2751 агроқұрылымдар жұмыс істеп тұр. оның ішінде 12 басқа да мемлекеттік емес мекемелер, 2 өндірістік кооператив, 17 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 2720 шаруа қожалықтары бар. Ауыл шаруашылығы саласында 2015 жылдың 12 айында жалпы құны 30 млрд. 149,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде егін шаруашылығы 15 млрд.444,4 млн.теңге, мал шаруашылығы өнімі 14 млрд. 685,8 млн. теңге. Ауданда бүгінгі күнге – 12 жылыжай бар (барлық көлемі 1,72 га), оның ішінде Шу қаласы бойынша 11 жылыжай, атап айтсақ «Бектібай» ШҚ 1,28 га, «Мадина» ЖК 0,12 га, «Салима» ЖК 0,19 га, «Өмірзақ» ЖК 0,08 га, Қонаев ауылдық округінде «Ридван» ШҚ 0,05 га жылыжай. Егіс алқаптарына су үнемдеу технологиясын енгізуді қолға алу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 2015 жылы аудан бойынша барлығы 12 шаруашылық 1136 га егіс алқаптарына тамшылатып, жаңбырлатып суару технологияларын қолданды. Аудандағы мал басының саны: мүйізді ірі қара –28739 бас, қой мен ешкі –274586 бас, жылқы –10213 бас, түйе –64 бас, шошқа –436 бас және үй құстары –73900 бас. Мал шаруашылығы бойынша 37388,5 тонна сүт сауылып, өндірілген ет 8981,3 тонна болды.«Сыбаға» бағдарламасы арқылы мүйізді ірі қара мал сатып алу жоспары - 545 бас. 2015 жылы «Алтын асық» бағдарламасымен «Тау самал» ШҚ 16,0 млн теңгеге 600 бас саулық қой , 30 бас қошқар, «Бауыржан» ШҚ 4,0 млн. теңгеге 148 бас саулық, 7 бас қошқар сатып алды. «Құлан» бағдарламасы бойынша барлығы 33,75 млн теңге несиеге 115 бас бие, 14 бас айғыр алынды.

Инфрақұрылымы Негізгі жол жүйелерінің ұзындығы 385 км, оның 338 км асфальттанған. Автоматтық телефон станциялардың жалпы саны 17, байланыс бөлімшелері – 20.

Ауданда жалпы білім беретін 49 мектеп және мектеп жасына дейінгі 4 мекеме бар. Одан басқа 2 кәсіптік-техникалық мектеп және лицей мен гимназия, Шу қаласыннда Алмас гуманитарлық-экономикалық және Құқық және бизнес (Төле би ауылында) колледждері жұмыс істейді. Аудандық аурухана, Шу қалалық ауруханасы, емхана, тубдиспансер, Шу қаласындағы аймақтық емхана, 8 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 24 фельдшірлік-акушерлік пункт және стоматологиялық орталық (Шу қаласында), аудандық дезстанса, санэпидстанса, т.б. мекемелер бар. Мәдениет және спорт саласында ауыл бойынша 2 мәдениет үйі, 2 халық көркемөнерпаздар ұйымы, 18 кітапхана, 2 саябақ, Балуан Шолақ, Бірлікүстем және Көктөбе ауылдарында 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб, 3 стадион, 20 мешіт, балалар және жасөспірімдер орталық , т.б. бар.

Өнеркәсіп саласы Ауданның өнеркәсіп саласындағы өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 10 млрд. 082,6млн. теңге, физикалық индекс көлемі 47,2 пайызға орындалды. Өнім көлемі 2014 жылдың тиісті уақытымен салыстырғанда 8631,5 млн. теңгеге кеміді.