Сауытты автомобиль — сырты сауытталган доңғалақты машина.
Қарсыластың тірі күшін және атыс құралдарын жоюға, байланыс жүргізуге, әскери қорғауға, барлауға арналған.
Қару-жарағы — пулемет, кейде зеңбіректер. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарда, сондай-ақ Ресейдегі азамат соғысында қолданылған.
Қазіргі кезде сауытты автомобиль қолданудан шығып қалды, оның орнына негізгі қолдануына байланысты дөңгелекті ұрыс машиналары БТР, БРДМ деп аталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс