Стратегиялық жағдай (Стратегическая обстановка) — соғыста, әскери қимылдар театрында немесе стратегиялық бағытта белгілі бір уақытқа қарай қалыптасатын жағдай. Стратегиялық жағдай мемлекеттің жоғарғы саяси және әскери басшылары, ӘҚТ кезінде ҚК жоғарғы басшылығы тарапынан бағаланады. Стратегиялық жағдайға басты ықпал ететін мәселелер — саяси жағдай, соғысып жатқан мемлекеттердің экономикалық ахуалы, жақтардыц ҚК-нің құрамы мен ұрысқа қабілеттілігі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс