Сауытты танк техникасын эвакуациялау — танк және мотоатқыштар бөлімшелерінің (бөлімдерінің) қарауындағы зақымдалған сауытты машиналарды ұрыс қимылдары ауданынан алып шыгу.
Сауытты танк техникасын эвакуациялауғa:
эвакуациялауды керек ететін машинаның орны мен техникалық жағдайын анықтау,
тығылған машиналарды шығару,
машиналарды жөндеу орнына сүйреп не тасымалдап жеткізу кіреді.
Соғыс жағдайында зақымдалған машиналар жақын мандағы таса жерлерге, закымдалған машиналарды жинақтау пунктіне, тылға жөнелту жолдарына жеткізіледі.
Бірінші кезекте ұрыс алаңынан жеңіл зақымданған, шығаруға оңай машиналар, сонан соң бөлімдердің жөндеу бәлімшелері жөндей алатын, ең сонында қалған машиналар эвакуацияланады.
Сауытты танк техникасын эвакуациялау әдетте, "өзіме" деген принцип бойынша, яғни өз жинақтау пункттеріне эвакуадиялайды, одан құрамалардын эвакуациялық бөлімшелеріне тасымалдайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс