Термоядролық (сутектік) оқ-дәрі (Термоядерный (водородный) боеприпас) — термоядролық зарядты ракетаның немесе авиациялық бомбаның жойғыш бәлігі. Термоядролық (сутектік) оқ-дәрі төмендегі негізгі элементтерден: термоядролық зарядтан, 239-плутоний (немесе 235-уран) зарядынан, 238-урандық қабықшадан, жарғыш құрылғыдан және ракета (бомба) корпусынан тұрады. Термоядролық (сутектік) оқ-дәрі жарылысы миллиондаған градуспен өлшенетін өте жоғары температурада өтетін женіл элементтер ядроларының косылыс (синтез) реакциясына негізделген. Термоядролық оқ-дәрінің құрама бөлігі болып табылатын плутоний немесе уран зарядының (атом бомбасының) жарылысы термоядролық реакцияның басталуына қажет өте жоғары температура көзі болып келеді. Осы зарядтың жарылысынан кейін аса жоғары температура (10 млн. градустан жоғары) пайда болады, соның әсерінен термоядролық реакция температураны 3040 млн. градусқа көтере отырып, жарылыс сипатына ие болады. Синтездің ядролық реакциясы кезінде 238-уран қабықшасы ядроларының бөлінуін тудыратын өте жоғары жылдамдықты нейтрондардың көп мөлшері бөлініп шығады. Мұндай оқдәрілердің куаты тасығыш-ұшақтың жүк кәтергіштігімен немесе ракетаның ұрыстык бөлігінің шектеулі салмағымен анықталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс