Қазақтың ащы көжесін дайындау үшін алдымен етті құйрық майымен қоса кеспе түрінде 15 г-нан тіліктеп кеседі. Одан кейін оны тұздайды, бұрыштайды, туралған жуа, ұзыншалап туралған тұрма қосып, тағы да 8—10 мин қуырады. Одан соң тың қызанақ, ұсақтап туралған сарымсақ, лавр жапырағын, шарап сірке суын, азғантай сорпа қосып, барлық соусты бұқтырады. Дайын еттің соусын дайын сүйек сорпасына енгізеді, жұмыртқа омлетін кеспе секілді кесіп салады да, дәмі шыққанша қайнатады. Үстелге әкелерде туралған балдыркөктерді себеді.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1

Дереккөздер