Топографиялық барлау (Топографическая разведка) — топогеодезиялық камтамасыз ету тапсырмаларын орындауға кажетті мәліметтер табу. Топографиялық барлаудың негізгі міндеттері — топәграфиялық картаның мазмүны жергілікті жер жағдайына сәйкес келуін, геодезиялық пункттердің сыртқы белгілері мен орталықтарының сақталуын, қарсыластың топографиялық қызмет беліміндегі іс-әрекеттерінің сипаттамасын, жабдықталуын және ұйымдастырылуын биу, штабтардың карсыластың топографиялық және арнайы карталарын, фотоқұжаттарын, астрономия-геодезиялық және гравиметриялық мәліметтерін пайдалану мүмкіндіктерін анықтау. Топографиялық барлау нәтижелері топографиялық карталарды түзету және жаңарту, арнайы карталарды фотоқұжаттарды, жергілікті жер туралы анықтамалар мен сипаттамаларды құрастыру кезінде қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл
Дереккөздер
Санат:Әскери іс