Қайсар футбол клубы — Қазақстан Премьер Лигасында ойнайтын, Қазақстан футбол клубы. Қызылорда қаласының "Қайсар Арена" стадионы клубтың базасы боп саналады.
Клубтың тарихы мен жетістіктері КСРО чемпионатына Қызылорданың командасы ең алғаш 1968 жылы қатысты. Ол кезде команда «Кызыл-Орда» деп аталатын. Артынша атауын «Волна» деп өзгертсе, көп ұзамай «Автомобилист» атанды. Кейін қызылордалық команда КСРО чемпионаттарында «Орбита», «Мелиоратор» және «Кайсар» деген атаулармен өнер көрсетті.
Клуб КСРО чемпионаттарында әр жылдары әркелкі нәтижелер көрсетті. Ал 1991 жылы КСРО біріншіліктеріндегі ең жоғарғы жетістігіне қол жеткізіп, Виктор Григорьевич Веретновтың жаттықтыруымен команда өз аймағында үздік төрттіктен көрінді.
Кеңестік чемпионаттарда Сыр өңірінің командасы барлығы 858 ойын өткізіпті. Оның 304-ін жеңіспен аяқтаса, 184-інде тең түсіп, 370 кездесуде жеңіліп қалған. Доп айырмашылығы — 1013:1126.
Ал Қазақстан чемпионатында «Қайсар» барлығы 22 маусым өткізді. Оның 17 маусымында командамыз ел біріншілігінің ең жоғарғы дивизионында (Жоғарғы лига, Суперлига, Премьер-лига) өнер көрсеткен. 1998/99 жылғы футбол маусымында ел кубогын жеңіп алса, 2008 жылы Қазақстан Премьер-лигасында 4-орынды иемденген.
Қазақстан кубогында 55 ойынның 16-сын жеңіспен аяқтаған. Азия елдері Кубогындағы ең үлкен жетістігі 1999-2000 жылдары 1/8 финалға өтуі.
2019 жылы Қазақстан кубогын иеленді де, тұңғыш рет УЕФА Еуропа Лигасына жолдама алды.
Стадионы Толық мақаласы: Қайсар Арена"
Команда өз алаңындағы ойындарын 2025 жылға дейін Қызылорданың Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионында өткізді. Стадион 1968 жылы салынған. 2025 жылы қазан айынан бастап "Қайсар Аренада" ойнады.
Клуб құндылықтары Клуб тарихын білу және құрметтеу, дәстүрді сақтай отыра, жаңа дәстүрлердің пайда болуына мүмкіндік беру. Профессионализм, жауапкершілік, іске адалдықпен қарау, көптеген адамдарға үлгі болу. Жоғары спорт жетістіктеріне талпыну. Клуб құндылықтарын сақтай отыра, жанкүйерлерге дәріптеу.
Ең ірі жеңістері Қазақстан чемпионаты 1998 — 5:0 («Нарын», Орал) 2000 — 5:0 («Достық», Шымкент) 1999 — 6:1 («Тараз», Тараз)
Ең ірі жеңілістері Қазақстан чемпионаты 1993 — 0:8 («Қайрат», Алматы)
Клуб атауларының тарихы «Волна» (1968) «Автомобилист» (1968-1973) «Орбита» (1974-1978) «Мелиоратор» (1979-1989) «Қайсар» (1990-1995) «Қайсар-Мұнай» (1996-1997) «Кайсар-Hurricane» (1997-2000) «Қайсар» (2001-о.у.)
Статистикасы МаусымДивизионОрынОЖТҰДҰКубок 1992Жоғары лига10381831748-37571/2 финал1993Жоғары лига21481562752-85511/16 финал19941 лига934562321-672119951 лига118124228-84019961 лига7341511839-25561/4 финал1997Жоғары лига826135839-23441998Жоғары лига426165542-17531/2 финал1999Жоғары лига530177647-1958Жеңімпаз1/4 финал2000Жоғары лига628127936-23431/4 финал2001Жоғары лига11321171433-40401/4 финал2002Суперлига10321022031-55321/4 финал2003Суперлига1332971626-42341/4 финал2004Суперлига1636942324-61311/16 финал20051 лига122174151-10551/8 финал2006Суперлига1530841829-53281/16 финал2007Суперлига10301071329-39371/2 финал2008Премьер-лига4301310729-22491/8 финал2009Премьер-лига1326351815-45141/4 финал20101 лига234256374-23811 саты2011Премьер-лига11321051729-53271/8 финал2012Премьер-лига926861221-33301/8 финал2013Первая лига134238377-20771/8 финал2014Премьер-лига5321013930-34271/4 финал2015Премьер-лига12324121620-36161/4 финал20161 лига128207149-9671/8 финал2017Премьер-лига6331191330-36421/8 финал2018Премьер-лига53311121035-31451/4 финал
Жетістіктері Қазақстан кубогы: 1998/99, 2019 1 лига жеңімпазы: 1995, 2005, 2013, 2016
АФК кубоктарында МаусымТурнирНәтижелер1999Азия кубок иелері кубогы1/16 финал: «Ниса» (Түрікменстан) 0:1, 1:12000Азия кубок иелері кубогы1/16 финал: «Ходжа Карим» (Тәжікстан) 3:0, 0:3 (пен. 4:3)
1/8 финал: «Навбахор» (Өзбекстан) 2:2, 0:1
Есімі белгілі футболшылар Сергей Когай (1990-1993, 1994, 1997) Сұлтан Әбілдаев (1989-2001, 2002-2005) Серік Абдуалиев (1989) Марат Қабаев (1996) Нүркен Мазбаев (1998-1999) Олег Воскобойников (1998-1999) Рустам Сахибов Роман Пахолюк (2008) Мақсат Байжанов (2002-2004, 2006-2008) Дәуренбек Тәжімбетов (2003-2009) Асхат Борантаев (2007-2009) Иван Перич (2011) Арслан Сатубалдин (2011) Филип Эдейпо (2011-2012) Ренат Абдуллин (2012) Градимир Цронгорац (2012) Кәрім Фахталы (2012) Неманя Джоджо (2012) Мариан Маркович (2012) Вагнер (2012) Дмитрий Пархачев (2012, 2013) Серік Досманбетов (1999-2001, 2004, 2012-2013) Борут Семлер (2011, 2013) Митя Морец (2013)
Қайсар футбол клубының барлық бас бапкерлері Петр Боголюбов Виктор Шишин Юрий Дедиков Темір Сегізбаев (1970; 1980) Виктор Веретнов Русланбек Дзасохов Вадим Нұрпейісов Александр Прохоров (1981; 1982) Анатолий Пак (1985 1-ші жар.) Василий Цыпкун (1985, 2-ші жар. — 1986, қыркүйек) Юрий Хакимов (1986, қыркүйек — 1990, 1-ші айналым) Пернебай Кенжебаев Шазидин Кенжебаев (1996—1998, шілде) Воит Талғаев (1998, шілде — 1999, шілде) Владимир Марьянков м.а. (1999) Әбіл Қалымбетов (1990, 2-ші айналым; 1999, шілде-2001) Марат Есмұратов (2002) Болат Есмағамбетов (2003, мамыр) Виктор Кумыков (2003, қазан — 2004) Тілеухан Тұрмағамбетов (2003, мамыр-қазан; 2006; 2009, тамыз) Сергей Гороховодацкий (2007) Хазрет Дышеков (2009, сәуір) Сұлтан Әбілдаев (2009, сәуір-тамыз) Владимир Линчевский (2009, тамыз- 2011, ақпан) Альгимантас Любинскас (2011, ақпан- 2012, қаңтар) Сергей Когай (2012, қаңтар- 2012, сәуір) Владимир Никитенко (2008, 2012, сәуір) Сергей Волгин (2012, қаңтар- 2012, сәуір) Дмитрий Огай
Сілтемелер Ресми сайты Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы
Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:1968 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Қайсар ФК