Күрделі синтаксистік бірлік орыс. сложное синтаксическое целое— негізгі бір ойдың төңірегіне топтасып, тұлғалық және кұрылымдық жағынан бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста жұмсалатын дербес сөйлемдердің жиынтығы.Күрделі синтаксистік бірлік — кұрмалас сөйлем емес, оның кұрамына кіретін сөйлемдер өздерінің дербестігін сақтайды.
Белгілері Күрделі синтаксистік бірліктің белгілері мынадай: 1. Күрделі синтаксистік бірлік бірнеше дербес сөйлемнен құралады. Олар жай сөйлемдер де, құрмалас сөйлемдер де немесе аралас шумақ болуы да мүмкін. 2. Күрделі синтаксистік бірліктің құрамындағы сөйлемдер белгілі бір ойдын төңірегіне топтасып, семантикалық бірлігін сақтайды. 3. Негізгі ұйтқы болып тұрған ой Күрделі синтаксистік бірліктің бастапқы компоненттерінде айтылады да, кейінгі компоненттерде дамытылып, сараланып отырады. 4. Күрделі синтаксистік бірлік құрылымы, тұлғасы жағынан да бірыңғай бірлікте болып келеді. Ол — компоненттердің бәріне ортақ сөз я сөз тіркесінің болуы, бір сөздің я сөз тіркесінің әр компонентте қайталап отыруы сияқты жәйттерден көрінеді. Мысалы: Ораз-Мухаммед ептеп, орнынан тұрды. Әуелі есікке барды. Жайлап итеріп көрді, — сырттан жабық. Терезеге келді— ештеңе керінбейді. Оңды-солды сығалап үңіле қарады (М. Мағауин.).Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы.
«Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9
Дереккөздер
Санат:Лингвистика