Жандосов — Алматы облысы Қарасай ауданындағы ауыл, Жандосов ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қаскелең қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км-дей жерде, Іле Алатауының баурайында, Шамалған өзенінің жағалауындағы бұта аралас бетеге, сұлыбас, әр түрлі астық тұқымдас шөп өскен қызыл қоңыр, күңгірт-қоңыр топырақты қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен31735425 6701 123,5 2676 3341 124,9 2749 3360 122,2

Тарихы Іргесі 1958 жылы "Алмалы" жеміс-жүзім ғылыми-өндірістік бірлестігінің ұйымдасуына байланысты қаланған. 1964 жылдан Жандосов есімімен аталады.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Қарасай ауданы елді мекендері