Конустылық (Конусность) - Конустың екі көлденең қимасындағы диаметрлерінің айырмасы мен осы қималардың арақашықтығының қатынасы; Қиық конус табандарындағы шеңберлер диаметрлерінің айырымын оның биіктігіне бөлгенде шығатын шама. Конустылықты К, қисық конустың үлкен диаметрін D, кіші диаметрін d және биіктігін L әріптерімен белгілесек, мына өрнек шығады:
Конустылықтың сызбадағы таңбасы: Δ - Конустылықтың өлшемі қарапайым бөлшек түрінде белгіден (таңбадан) кейін жазылады. Сызбада конустылық "Δ1:7" сияқты жазумен белгіленеді. Бұл жазу не конустың осьтік сызығының үстіне, не оның осіне параллель болатын шығарма сөреге жазылады. Таңбаның сүйір (кіші) бұрышы конустың төбесіне қарай бағыталады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6 ГОСТ 8593-81 Конустылықтар бар: 1:500, 1:200, 1:100, 1:50, 1:30, 1:20, 1:15, 1:12, 1:10, 1:8, 1:7, 1:6, 1:5, 1:4, 1:3, 30°, 45°, 60°, 75°, 90°, 120° Тағы қараныз: Конус Коника Геометрия Эллипс Гипербола Парабола Коноид Конустәрізділік
Дереккөздер
Санат:Техника Санат:Геометрия Санат:Машина жасау