Ақжайық U-21 — Орал қаласындағы футбол клубы. Клуб 2007 жылы жабылды да, 2016 жылы "Ақжайық U-21" деген атаумен қайта құрылды. Қазақстан чемпионаттарында 2004-07 жылдары Қазақстан бірінші лигасында ойнады.

2004 жылы "Ақжайық-2" деген атаумен Оңтүстік-Батыс аймағында 9-шы орынға табан тіреді. Келесі жылы атауы "Жастар" деп өзгертілді. Ол маусымда 10-шы орынға табан тіреді, Ал 2006 жылы соңғы орында қалды.

2007 жылы 11-орын алды.

2016 жылдан бастап екінші лигада ойнайды. 2018 жылғы маусымда соңғы орында қалды. Қазақстан кубогында 2007 жылғы Қазақстан кубогында бірінші кезеңде (1/16 финалда) өз жерлестері "Ақжайықтан" 0:2 есебімен ұтылып қалды. Бұл матч 23 наурыз күні Шымкентте өтті.

Атаулары

2004 — Ақжайық-2 2004-07 — Жастар 2016 — Ақжайық U-21

Санат:Қазақстан футбол клубтары Санат:2004 жылы құрылған футбол клубтары