Ораз Исмаилов (24 маусым 1940 жыл, Алматы облысы Ескелді ауданы Шұбар ауылы) - драматург.

1962 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне түскен. Сол кезде «Дәуаға» деген тырнақалды тұңғыш новелласын жазады. Аудандық «Жетісу шүғыласы» газеті редакторының орынбасары республикалық телерадиокомитеттің Талдықорған облысындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарады. 2004 жылдан Қазақ гуманитарлық Заң университетінде ректордың кеңесшісі әрі айрықша тапсырмалар жөніндегі көмекшісі.

«Жетісуым-жаннатым менің» атты драмасы, «Тарланбоз», «Ел жүрегіндегі Ескелді» атты пьесалары театрларда табысты қойылған. Шығармалары Әке сыры. А., «Жалын», 1982; Шаңды жол. А., «Жалын», 1985; Қанша қыз. А., «Жалын», 1991; Ескелді би. «Үштөбе», 1992; Қабан жырау. Талдықорған.1993; Балпық әулие. Талдықорған. 1994; Орақты батыр. Талдықорған. 1995; Бабалар сөзі - даналық көзі. А., «Білім», 1996; Шұбар ата - Жолбарыс. Талдықорған, 1997; Қаратәуіп және оның шөбе-ресі. Талдықорған, 1998; Әлем тарихындағы жалайырлар. А., «Дәуір», 1999; Бақтыбай. А., «Шартарап», 2000; Қараның ханы - Байтүрбай. А., «Шартарап», 2001; Бақыттың қиын баспалдақтары. А., «Атамұра», 2004, Данагөй. А., «Атамүра», 2006; Трудные ступени счастья. А., «Атамура», 2006; Бабамыз Балп ық әулие. А., «Атамүра», 2007; Жыр атасы - Қабан жырау. А., «Атамүра», 2007; Алтынемел аясында, А., «Атамұра», 2007.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:24 маусымда туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Ескелді ауданында туғандар Санат:Қазақстан драматургтері