Айдарлы — Алматы облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Айдарлы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Ұзынағаш ауылынан солтүстік-батысқа қарай 130 км жерде, Бозой үстіртінде, Тасқатын каналының жағалауындағы эфемер тәрізді шөптесін аралас боз жусан, баялыш, күйреуік өскен сұр, қошқыл сұр топырақты шөлді жазықта орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен12461251 855 68,3 623 442 70,9 628 413 65,8

Тарихы Ауыл 1964-1997 жылдары қой өсіретін "Айдарлы" кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Айдарлыда және округке қарасты Шилібастау ауылында 1997 жылы 23 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылмы Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, тағы басқа мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) елді мекендері