Нұрқасым Қазыбеков (1 мамыр 1936 жылы туған, ҚХР Іле Қазақ автономиялық облысы, Текес ауданы) — жазушы. Лақап аты — ӨмірПисатели Казахстана. Справочник. Алма-Ата, Жазушы, 1982, стр. 113.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1975). 1957 жылы Құлжа педагогикалық училищесін, 1968 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1962 жылы тарихи отанына оралған соң Райымбек ауданындағы Таушелек орман шаруашылығы мекемесінде, "Жазушы" баспасында (1969) жұмыс істеді. 1969-82 жылдары "Жалын" альманағында, "Жалын" баспасында редактор. 1987-90 жылдары Жазушылар одағында әдеби кеңесші. 1991-1993 жылдары "Заман—Қазақстан" газетінде, 1993 жылдан "Түркістан" газетінде қызмет істеді.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Шығармалары: "Тұсаукесер" (1974), "Шалғайдағы мектеп" (1974), "Бейтаныс" (1978), "Ағайын" (1982), "Ауылдағы ағайындар" (1988), "Ой таразысы" (1991), "Дала өрнектері" (1994), "Алтын Орданың құрылуынан құлауына дейін" (1998), т.б.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:1 мамырда туғандар Санат:1936 жылы туғандар Санат:Іле Қазақ автономиялық облысында туғандар Санат:Қазақстан жазушылары