Қорғаныш жамылғы Қорғаныш жамылғы(Защитная накидка) — ұшақтардан және химиялық снарядтардан (миналардан) түсетін сұйык тамшылы улағыш заттардан, сондай-ақ радиоактивті заттар мен бактериялык заттар залалдарынан сақтану үшін қолданылатын жекелей қорғаныш құралы. Арнайы қағаздан жасалады және екі жолақтан, бүркеме бас киімнен тұрады. Жамылғы оралып, жолақтарды ұстап тұруы үшін оның ішкі жағының бел тұсына тоқыма баудан жасалған ілмек желімделеді. Қорғаныш киім Қорғаныш киім(Защитная одежда) — улағыш заттар, радиоактивті заттар, биологиялық құралдар, ракеталық жағар-жанармай мен өртегіш заттар компоненттерінің әскери киімге және тері қабықтарына тиюінен сақтайтын жеке құрамның жеке қорғану құралдары. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл

Дереккөздер

Санат:Әскери іс