ӘШҚК әскерлерінің оперативтік бастамасы (). Елдің ӘШҚҚ әскерлерінің оперативтік бастамасы оларға өздігінен немесе Қарулы Күштердің басқа түрлерімен бірлесе әкімшілік-саяси орталықтарды, өнеркәсіп-экономикалық аудандарын, әскерлер топтастығын және басқа маңызды объектілерді әуе шабуылынан қорғау тапсырмаларын орындауына қолайлы жағдай жасайды. Олар бейбіт уақытта үнемі әзірлікте тұрады, ал соғыс барысында әуе шабуылынан қорғану операцияларын және жүйелі ұрыс әрекеттерін жүргізуі мүмкін. ӘШҚК әскерлерінің тапсырмаларды табысты орындауы олардың ұрысқа деген мұқият әзірлігімен, әуе шабуылына қарсы сенімді қорғанысты ұйымдастыруымен, күштер мен құралдар арқылы маневр жасауымен қарсылас сокқыларынан өз әскерлерін қорғау және ұрыс қимылдары барысында олардың жауынгерлік қабілеттілігін шұғыл қалпына келтіруімен тығыз байланысты.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001

Дереккөздер

Санат:Әскери іс