Қанат Мұсахметов - 1948 жылы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кіші Диқан ауылында дүниеге келген. 1965 жылы орта мектепті бітірген соң, «Бөдеті» сегіз жылдық мектебінде 2 жыл мұғалім болған. 1972 жылы Алматыдағы Ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тамамдап, инженер, инженер-механик болып жұмыс істеді. 1993 жылы «Қазақ мемлекеті» газетінде, 1994 жылы «Ана тілі» баспасында редактор болып қызмет атқарды. Шығармалары: Алтынның сынығы. Әңгімелер. «Жалын», 1980; Қызыл қаздар әні. Әңгімелер, повесть. «Жалын», 1991; Күре тамыр. Повесть. «Жазушы», 1998.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/ Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Дереккөздер
Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:1948 жылы туғандар