Бидайық сөзінің бірнеше мағынасы бар:
Өсімдіктер:
Бидайық – сұңқарлар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Бидайық – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Су бидайық – дәнді дақылдар тұқымдасына жататын көпжылдык шөп өсімдіктерінің бір туысы. Шөл бидайық – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.
Көше:
Бидайық – Астана қаласының көшелерінің бірі.
Елді мекендер:
Бидайық – Абай облысы Аягөз ауданындағы ауыл. Бидайық – Қостанай облысы Жангелді ауданындағы ауыл. Бидайық – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл. Бидайық – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Бидайық ауылдық округі құрамындағы ауыл. Бидайық – Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Орынбай ауылдық округі құрамындағы таратылған ауыл.