Бактериологиялық қарудың ұрыстық қасиеттері () — бактериялық құралдардың адам организміне немесе жануарларға әсер ету ерекшеліктерінің жиынтығы. Ол ерекшеліктер мыналар: организмге өте аз мөлшердегі ауру тудырғыш микробтар мен уыттардың түсуінен жаппай жұқпалы ауру тудыруы, кейбір аурулардың ауру адамнан сау адамға беріліп, халық арасына кең тарауы, зақымдану мен аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі аралықта бірнеше сағаттан бірнеше күнге, тіпті бірнеше аптаға созылуы мүмкін жасырын (инкубациялық) кезеңнің болуы, бактериялық карудың ауаға тарауға қабілеттілігінен ауамен бірге әр түрлі герметикалық емес ғимараттарға. Ұрыс машиналарына кіріп, адамдарды закымдауы, сырт белгілерінің (түсі, иісі) жоқтығы себепті сыртқы ортада оларды анықтаудың қиындығы мен ұзаққа созылатындығы.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс