Танкіге қарсы инженерлік мина — танкілерді, жаяу әскердің ұрыс машинасы ЖҰМ, БТР және т.б. сауытты машиналарды жоюға арналған мина.
Міндетіне қарай шынжыр табанды танкіге қарсы, борты бар танкіге қарсы, түбі бар танкіге қарсы, ал зарядының тииіне (түріне) қарай қонармалы және кумулятивті болып бөлінеді.
Кен тараған түрі — объектілер үстінен жүргенде жарылатын шыншыр табанды танкіге қарсы қопармалы мина. Оның салмағы — 9—13 кг, жарылғыш заттар заряд салмағы 5,5 — 10 кг. Түбі бар танкіге қарсы жоюға арналған мина, әдетте, кумулятивті болып табылады.
Мина салмағы 3,2—10 кг, жарылғыш заттар заряд салмагы 1,5—6 кг. Бортқа қарсы минаның кумулятивті заряды қуатты болады немесе ол мақсатқа қарай бағытталған түтіктен автоматты түрде атылатын кумулятивті гранатадан тұрады. Танкіге қарсы инженерлік мина танкіге қарсы мина алқабын жасау үшін қолданылады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001
Дереккөздер
Санат:Әскери іс