Ақтекше — Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл, Қабылиса ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Балпық би ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде, Шаған тауының бөктерінде Мұқыры өзенінің бастауындағы жусан аралас қияқ, қоңырбас, тағы басқа астық тұқымдас альпілік шалғын шөп өскен бозғылт, коңыр топырақты жонды-төбелі келген тауаралық аңғарда орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен865851 829 97,4 428 431 100,7 423 398 94,1

Тарихы Ауыл 1951-1997 жылдары Куйбышев ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде Ақтекшеде және округке қарасты Көкбастау ауылында "Қаблиса" ЖШС және 50-ден аса шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, фельдшер-акшуерлік пункт, тағы басқа мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Көксу ауданы елді мекендері