Розмарин () – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы.

Розмарин туралы Розмарин — (rosmarinus officinalis) еріндігүлділер тұқымдасына жататын эфир майлы, мәңгі жасыл бұта. Биіктігі 2 метр. Жапырағы қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 3 - 3,5 см, ені 2-4 мм. Жапырағының астыңғы бетінде эфир майы түзілетін көптеген бездер болады. Гүлі 5 - 10-нан шоқталып орналасқан, күлтесі ақ не күлгін түсті. Жемісі қоңыр 4 жаңғақты. Розмарин ерте көктемде және күзде гүлдейдi, ал жабайы түрі Жерорта теңізі өңірінде тараған. Қырымның оңтүстік жағасында, Кавказдың Қара теңіз жағалауында ботаника бағында, паркте өсіріледі.

Розмарин құрамы

Розмарин қаламшалау арқылы көбейтіледі. Тұқымынан сирек өседі. Жас бұтақтараын күзде қаламшалап, жалға отырғызады, 2 - 3 жылдығанда ботаника бағына, паркке көшіріліп отырғызылады да арам шөбі оталып культиваторланады. Орта есеппен 1гадан 1 - 3 тонна құрғақ жапырақ жиналады.Эфир майы жас кепкен жас жапырақтарынан гүл шоғырынан алынады. Құрамында: 30٪ пинен 20٪ камфен 10٪ цинеол 7٪ камфора тағы да басқа элементтер болады. Қолданылуы Жалпы розмаринды қолдану парфюмерия мен медицинада қолданады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1

Дереккөздер

Санат:Еріндігүлділер Санат:Тағамдар