right|thumb Әділғазы Қайырбеков - 1955 жылы 10 қаңтарда Семей облысы Ақсуат ауданының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) Қожагелді ауылында туған.

Өмірбаяны Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ орта мектебін 1972 жылы, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың филология факультетін 1978 жылы тамамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық музей-үйінде гид болып бастаған.

Қазақ телевизиясының Жастар редакциясында редактор (1979 -1981)

«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде мәдениет және әдебиет бөлімдерінің тілшісі, меңгерушісі (1981-1991)

«Халық кеңесі» газетінде руханият бөлімінің меңгерушісі (1991 - 1996)

«Қазақ елі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары - «Шалқар» қосымшасының редакторы (1996-1999)

«Қазақ Энциклопедиясы» Бас редакциясының жетекші маманы (1999 - 2000) болып қызмет атқарған.

2000 - 2015 жылдары Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры. 2015 жылдан бері Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің басшысы

Шығармалары Бастау. Өлеңдер. Алматы. «Жалын», 1980; Ақ тұма (Жетіген). Поэма және өлеңдер. Алматы. «Жалын», 1984; Шамшырақ. Өлеңдер. Алматы. «Жалын», 1987; Сөз бен іс. Деректі әңгімелер мен очерктер. Алматы. «Жалын», 1988; Намыс найзағайы. Деректі хикаят. Алматы. «Шартарап», 1996; Шер шертер. Жыр кітабы. Алматы. «Ана тілі», 1998; Саға. Эссе, әдеби сын-зерттеу, ой-толғам. Астана. «Фолиант», 2003; Автореферат. Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақ поэзиясы: ізденістер, проблемалар (1991-2001 ж.ж.). Алматы. «Комплекс», 2004; Шарайна. Библиографиялық көрсеткіш. Алматы. «Мерсал», 2005; Бөртостаған. Жыр кітабы. Алматы. «Жазушы», 2005; Ардакүрең. Эссе, әдеби сын-зерттеу, сыр-сұхбат, ой-толғам. Алматы. «Дәуір», 2008. Сұлутал. Жыр кітабы. Астана: "Астана-полиграфия", 2009; Тәуелсіздік және қазақ поэзиясы. Зерттеу кітабы. Алматы: "TST Company", 2011; Жандауа. Жыр кітабы. Алматы :"TST Company", 2013; Тұлғалар тағылымы: Сәбит пен Ғабит. Эсселер,ғылыми-зерттеу мақалалар, ой-толғам, сыр-сұхбат. Алматы: Айғаным, 2014. 10 томдық шығармалар жинағы. Алматы :"TST Company", 2014;Әділғазы Қайырбеков. 10 томдық шығармалар жинағы. Алматы.- "TST Company", 2014

Марапаттары Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Филология ғылымдарының кандидаты.

ҚР Мәдениет қайраткері.

ҚР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен,

«Астана -10 жыл» медалімен,

"Ерен еңбегі үшін" медалімен "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл" медалімен,

ТҮРКСОЙ-дың "Тоқтоғұл Сатылғанов-150" мерейтойлық медалімен марапатталған.

Дереккөздер

- "Шығыс Қазақстан облысы" энциклопедиясы - "Қазақстан жазушылары" анықтамалығы

Санат:Қазақстан жазушылары Санат:1955 жылы туғандар