Рахымжан Қасымғалиұлы Отарбаев (1956 жылы 19 қазан Атырау облысы Құрманғазы ауданы - 2018 жылы 17 ақпан Атырау) — жазушы, драматург. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі. Парасат ордені (2013). Атырау қаласының және Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрметті азаматы.
Өмірбаяны Отарбаев Рахымжан Қасымғалиұлы 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысы Құрманғазы ауданында дүниеге келді. А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институты - 1973-77жж. Облыстық "Орал өңірі" газеті, тілші - 1978жж. Атырау облысы, Теңіз аудандық халыққа білім беру бөлімшесі. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - 1978-80жж. Атырау облысы, Құрманғазы аудандық "Ленин жолы" газеті, тілші - 1980-81жж. Алматы қаласы, Қазақ ССР телевизия және радиохабарлар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті, редактор - 1981-85жж. Алматы қаласы, "Қазақ әдебиеті" газеті, тілші - 1985-89жж. Алматы қаласы, "Жалын" әдеби-көркем және қоғамдық-саяси журнал, бөлім редакторы - 1989-94жж. Қырғыз Республикасы, Бишкек, ҚР Қырғызстан Республикасындағы елшілігі, атташе - 1994-96жж. Қырғыз Республикасы, Бишкек, Республикалық "Егемен Қазақстан" газеті, арнайы тілші - 1996-97жж. Маңғыстау облысы, Ақтау қ., Республикалық "Қазақстан телевизиясы мен радиосы" корпорациясы, төраға - 1997-99жж. Атырау облысы, Атырау қ., Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры, директор - 1999-2002жж. ЖШС "Байтерек" қоғамдық қоры басшысы - 2002-2005жж. Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, сектор меңгерушісі - 2005-2009жж. Астана қаласы, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы, Бас директор - 2009-2010жж. Жеке шығармашылық жұмыс - 2010-2013жж. Астана қаласы, "Ақ Жайық kz", Бас редактор - 2013-өмірінің сонына дейін. Атырау облысы, Атырау қ., Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театры, көркемдік жетекші - 2013-өмірінің сонына дейін, Атырау облысы, Атырау қ., Рахымжан Отарбаевтың мұрасын сақтау, тарату, жарнамалау, шығару мақсатында 2019 жылы "Рахымжан Отарбаев руханият қоры" құрылды. Директоры Отарбаева Сәуле.
Шығармашылығы Кітаптары:
Құпия түн - "Жалын" баспасы, Алматы, 1987 Жәңгір Хан - "Өлке" баспасы, Алматы, 1992 Жұлдыздар құлаған жер - "Өлке" баспасы, 2000 Жұлдыздар құлаған жер - "Өлке" баспасы, 2002 Жайық жыры - "А-Полиграфия" баспасы, Ақтөбе, 2003 Соғыстың соңғы бомбасы - "А-Полиграфия" баспасы, Ақтөбе, 2004 Бешкашка бериштин окуясы - Бишкек, 2005 Шер - "Өлке" баспасы, 2006 Таңдамалы шығармалар жинағы - "Өлке" баспасы, 2006 Отверженный мир - "Сөз-Слово" баспасы, 2007 Қараша қаздар қайтқанда - "Сөз-Слово" баспасы, 2007 Қос томдық қытай тілінде - "Ұлттар" баспасы, Бейжін, 2007 Дауысыңды естідім - "Өлке" баспасы, 2008 Аспандағы ақ көбелектер - "Фолиант" баспасы, 2009 Злато зарытого клада - "Художественная литература" баспасы, Ресей, 2009 Проводник судьбы - "Художественная литература" баспасы, Ресей, 2011 Бейбарыс Сұлтан арабша-қазақща, Каир, 2011 Злато зарытого клада - төте жазу, "Ұлттар" баспасы, Бейжін, 2011 Біздің ауылдың амазонкалары - "Фолиант" баспасы, 2012 Айна-ғұмыр (пьесалар жинағы) - "Фолиант" баспасы, 2013 Шыңғыс ханның көз жасы - "Фолиант" баспасы, 2014 Аспандағы ақ көбелектер - төте жазу, "Ұлттар" баспасы, Бейжін, 2014 Плач Чингиз-хана - "Художественная литература" баспасы, Ресей 2015 Чыңгыз ханның күз яше - "Сүз" баспасы, Қазан 2015 Baş - Анкара, 2016 Beyaz kelebekler - Анкара, 2016 Таңдамалы - қазақша, орысша, "Қазақпарат" баспасы, 2016 Baş - Баку, 2017 Толгой - Ұланбатор, 2019 И был я подобием твоим - "Восточный экспресс" баспасы,Ресей, 2019 Плач Чингиз-хана - "Восточный экспресс" баспасы, Ресей, 2019 Бас - "Қазына" баспасы, 2019 Қыз Данайдың қырғыны - "Фолиант" баспасы, 2019 Бас - Der Schadel - "Dagyeli" баспасы, Германия Берлин 2020
Пьесалары:
"Әбутәліп әпенді" "Абай-сот" "Мен Сізді сатқан жоқпын" "Ғабит" "Ән-Әміре" "Жасын ғұмыр" "Жәңгір хан" "Бас" "Сырым батыр" "Мұстафа Шоқай" "Махаббат мұнарасы" "Айна-ғұмыр" "Фариза мен Мұқағали" "Нашақор жайлы новелла" "Актриса" "Нұржауған-ғұмыр" "Двойник" "Қараша қаздар қайтқанда" "Бейбарыс сұлтан" "Гиппократ анты" "Аяқталмайтын хикая" "Мона Лиза" "Нарком Жүргенов" "Сағыныш шөбі" қуыршақ театрына арналған "Дүние ғайып" "Мәңгілікпен кездесу" "Ауылы Ақбөбектің ай астында"
Кино-телесценарийлары:
Мұхаммед Салық Бабажановтың өмірі мен өлімі - 1990 жыл Исатай Тайманов (1891-1991 ж.ж) - Алматы, 1991 жыл Азусары мен Кірпішбай - 1991-1992 Жәңгір хан - Атырау, 2000 жыл Жұмбақтаудағы қазына - Астана, 2008 жыл Бәйтерек - 2008 жыл Айна - 2015 жыл Алтын - 2015 жыл
Марапаттары Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қазақстан Республикасінің президенті 07.12.2004 жылғы Жарлығы бойынша Халықаралық қоғамдық Шыңғыс Айтматов атындағы академиясының академигі 05.03.1996 Парасат ордені Қазақстан Республикасының президенті 09.12.2013 жылғы Жарлығы бойынша "Атырау қаласының Құрметті азаматы" Атырау қалалық Маслихатының ХХVII сессиясінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы шешімімен Махамбет атындағы сыйлық лауреаты Махамбет атындағы сыйлық беру жөніндегі комиссияның 2000 жылдың 6 желтоқсандағы шешімімен. Атырау қаласы Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлық лауреаты, 2009ж. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрметті азаматы" Құрманғазы аудандық Маслихатының 2005 жылғы 2 желтоқсандағы шешімімен Награжден Золотой медалью Советского фонда мира - Международной ассоциации мира решением Президента МАФМ Карпова А.Е 19.10.2016 Президенттік мемлекеттік стипендия иесі, 2015ж. Республикалық Төлеген Айбергенов атындағы сыйлық "Соғыстың соңғы бомбасы" повесті үшін, 1987ж. Республикалық Ғабит Мүсірепов атындағы сыйлық, 2009ж. "Қазақстан - Түркия достығын және ынтымақтастығын дамытқаны үшін" медалі Қазақстан - Түркия ынтымақтастығы кеңесінің Төрағасының шешімімен 2015 жыл "Түрік жазушысы және драматургі Халдун Танердің 100 жылдығына" арналған медаль ТУРКСОЙ Халықаралық ұйымы президенті шешімімен "Халық батыр Ер Қосай" медалі Ер Қосай - Тәзіке бахадур ұрпақтары қауымдастығының шешімімен 28.09.2009 "Ардын хувьсгал-90" медалі Монгол Ұлсын Ерөнхийлөгчийн 20.09.2015 жылғы шешімімен "Академик Зейнолла Қабдолов" медалі, 2014ж. "Иван Федоров" медалі, Ресей, Мәскеу 2011ж. "Сүлеймен Есқараев - тұңғыш прокурор" мерекелік медалі 2016 жылғы Қызылорда облысының прокурорының шешімімен "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" мерекелік медалі ҚР Президентінің 3.12.2001 жылғы Жарлығымен "Алпамыс Батыр" медалі "Алпамыс Батыр" қоғамдық қоры басшысының 2014 жылғы шешімімен Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Атырау мұнай және газ институтының Құрметті профессоры. Ғылыми кеңесінің 18.11.2016 жылғы шешімімен Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры. Ғылыми кеңесінің 08.11.2006 жылғы шешімімен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Құрметті профессоры. Ғылыми кеңесінің 2016 жылдың 31 қазанындағы (№2 хаттама) шешімімен Кыргызстан театр ишмерлер союзунун театр искусствосу коомдук академиясынын академиги. Қырғызстан театр қайраткерлері одағының президентінің 25.11.2016 жылғы шешімімен Алғыс хат Халықаралық Турксой ұйымы. Турксой Бас хатшысы Д. Касеинов. Анкара, 2017ж. Алғыс хат. Евразия Жазушылар Қауымдастығы Төрағасы Якуп Омероғлы. Атырау, 2015ж. Қырғыз Республикасының ұлттық театралды "Эргүү" премиясының лауреаты. Қырғызстанның театр қайраткерлер одағының Президенті. Бишкек, 2017ж. "Алаш тарихының ақиқаты" Қазақ хандығының 550 жылдығы. Драматургия жанры бойынша 1-орын, 2015ж. "Бас" пьесасы Мәдениет министрлігі жариялаған "Астана - Бәйтерек" конкурсында жүлделі бірінші орын алды, 2003ж.
Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Қазақстан драматургтері Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері