Жәркен Бөдешұлы 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-дың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты-Жармұхаммед. Уақ тайпасынан шыққан.

2021 жылдын 22 cәуірінде белгілі тұлғамыз өмірден озды

Жетістіктері Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Түркі тілдер елдері поэзиясы ІІ фестивалінің лауреаты, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі. Мерзімдік басылымдарда және мемлекеттік Кітап палатасында жауапты қызметтер атқарған. Шығармалары Көкше қүрақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1979; Қос қанат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Зейін. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1984; Аспан даусы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1985; Нұрлы бояулар. Өлеңдер мен поэма-портреттер. А., «Жалын», 1988; Жұлдызға орнын ай бермес. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Сөзстан», 1996; Емендер түнде бүрлейді. А., «Ана тілі», 2001; Бәрінің асығы. А., «Жазушы», 2005; Бұрылыс. А., «Сөздік-словарь», 2007. Әр алуан басылымдарда ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Генерал Жаһар Дудаев», «От пен су» («Сорос— Қазақстан» қорының жүлдесі берілген), «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер», «Жалғыз» атты дастандары жариялайды.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Қазақстан жазушылары Санат:1944 жылы туғандар