thumb|right thumb thumb thumb Топса — нүктені немесе ортақ осьті ғана айналып қозғалуға мүмкіншілігі бар тетіктердің жылжымалы жалғасы. Әр түрлі топсалар Бирфильд топса – табақ және жұлдызшада жасалған радиалдың бөлгіш және сепараторда орналасқан бұрыштык жылдамдығына тең келетін шарикті топса, айналу сәті берілісі кезінде жұмыс нәтижесімен белгіленген барлық шарик арасындағы шарикті топса. Вейс топсасы – бір центр шаригінен және терт жұмысшы шаригінен тұратын, айырмен жасалған екі бөлгіш жырақты бұрыштың жылдамдығына тең шариктік топса, айналу моментінің берілісінің бағытына байланысты жұмыс бір шарикқа беріледі.Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі. Делегейлі топса – жұмыс күшін беретін тетігінің бірі диск пішінді болып келетін сухарлі топса. Қардандық топса – жылжымалы қатаң топсалы қосылыс нәтижесіндегі айналу иінді күш беріліс орындалатын бұрыштық жылдамдығы тең емес кардан топсасы. Кардан топасы – өстерінің бағыты бір-біріне дәл келмейтін немесе өзара өзгерісте болатын біліктердің айналдырушы иінді күштерін бірінен-біріне беріп таратуға арналған механизм. Бұрыштық жыламдықтары тең емес топса–біріктіруден қосылған бұрыштық жылдамдықтары кезендік теңсіздігінен тұратын кардан топсасы. Пластиналық топаса-серіппелі пластмасса арқылы берілетін жұмыс күшінің бұрыштық жылдамдықтарына тең емес кардан топса. Роликті топаса – бір білік топсасымен жалғанған немесе тікенекте қойылған қарсылас күші роликтар арқылы берілетін бұрыштық жылдамдықтары тең кардан топса. Рцеппа топасы – табақ пен жұлдызшада радиалды сепараторда орналасқан жырақшақ пен бөлгіш иін бұрыштық жылдамдықтары тең шариктік топса. Жұпты карданды топса – бұрыштық жылдамдықты өзгертіп тасымалдайтын екі топсаны орналастыру арқылы жылдамдық өзгертлей бір қалыпты айналдырушы иінді күшті тасымалдайтын кардандық беріліс. Сухарлі роликті топса – жазық немесе цилиндрлік беткейлердің жанасуы арқылы жұмыстық күші берілетін, бұрыштық жылдамдықтары бірдей болатын карданды топса. Триод топса – үш шабаққа орнатылған рөликті топса. Арқанды топса – ортасында арқан орналасқан топса арқылы жалғасқан төлкелері бар айналдырушты күшті беретін құрылым. Әмбебап топса – төрт шабақ подшипник арқылы крестовинаға жалғанған екі айырлы қатаң карданды топса. Серпінді карданды топса – айналу сәтінің берілісі серпінді элсмент арқылы орындалатын бұрыштық жылдамдығы тең емес кардан топсасы. Шарикті топса – бір центр шаригінен және төрт жұмысшы шаригінен тұратын, айырмен жасалған екі бөлгіш жырақты бұрыштың жылдамдығына тең шариктік топса, айналу иінді күш берілісінің бағытына байланысты жұмыс бір шарикқа беріледі. Шарлы топса – сфералық вкладыш бойынша жұмыс істейтін сфералық бармақтан тұратын топса; бұрыштар арасындағы тарту және иін өзгерістерін беруге беретін мүмкіндігі бар, мысалы: рульдік жетек.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.

Дереккөздер

Санат:Физика Санат:Транспорт