Резидент(тұлға) (латын. residens - орнында қалушы) - белгілі мемлекеттің аумағында тұрақты мекендейтін жеке тұлға, сондай-ақ онда өзінің қызметін тұрақты түрде жүзеге асыратын заңи тұлға. Қазақстанда салық салу мақсатымен мынадай түрлерге бөлінеді: 1) басталған немесе аяқталған салық жылылындағы кез келген тізбекті 12 айлық кезеңде 183 күн бойына және одан көп уақыт бойына республикада жүрген немесе шетелде республиканың мемлекеттік қызметін атқарып жүрген жеке тұлға. Жеке тұлғаның республикада болуы аяқталатын жылдан кейінгі жылы ғана бұл тұлға резидент болса, республикада болған соңғы күннен кейінгі кезең үшін ол резидент ретінде қаралады яғни жеке тұлға республикада 183 күн түрса, онда 184-ші күн резиденттіктің бірінші күні, ал 183 күн бейрезиденттік ретінде қаралады. 2) Қазақстанның заңдары бойынша құрылған заңи тұлға немесе оның Қазақстандағы басқару органдары орналасқан мекен.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер

Санат:Экономика Санат:Қаржы

en:Residency (domicile) es:Residente fr:Résident he:תושב it:Residente ja:居住 ru:Резидент (право) sq:Banori