Екінті немесе Аср ( , "түстен кейінгі намаз") — Исламда түс ауа оқылатын төрт ракәғаттан тұратын парыз намазы. Аср намазы Құран кәрімнің әл-Бақара сүресінің 238 аятында айтылады, және де 103-сүреде айтылады, .
Асыр намазының оқылу реті Асыр (екінді) намазы. (4 парыз)
1.«Қомат» айтылады.
Аллаһу акбар. 4-рет.
Әшһәду әл-ләә иләһә ил-лаллаһ. 2-рет. Әшһәду әннә Мухаммадар-Росулуллаһ. 2-рет. Хаййа ъалас-соләһ. 2-рет. Хаййа ъалал-фаләх. 2-рет. Қод қоматис солах 2 рет Аллаһу акбар. 2-рет. Ләә иләһә иллаллаһ. 1-рет.
2.Ниет етіледі.
3.«Аллаһу акбар»-деп тәкбір жасалынып, қол байланады.
Бірінші ракат.
Субханәкә дұғасы. Әъузубилләһи... Бисмилләһи... «Фатиха» сүресі Бір сүре қосамыз. «Аллаһу акбар»-деп рукуъге барады. Рукуъте: «Субхана Роббиал-ъазим» 3 рет айтады. «Самиъаллаһу лиман хамидаһ»-деп тіке тұрады. Тіке тұрып: «Роббәнә ләкәл-хамд»-дейді. «Аллаһу акбар»-деп сәждеге барады. Сәждеде: «Субхана Роббиал аъла»-деп 3 рет айтады. «Аллаһу акбар»-деп сәл тіке отырады. «Аллаһу акбар»-деп қайта сәждеге барады. Сәждеде:«Субхана Роббиал аъла»-деп 3 рет айтады. «Аллаһу акбар»-деп 2-ші ракатқа қол байлап тұрады.
Екінші ракат.
Бисмилләһи... «Фатиха» сүресі Бір сүре қосамыз. «Аллаһу акбар»-деп рукуъке барады. Рукуъте: «Субхана Роббиал-ъазим» 3 рет айтады. «Самиъаллаһу лиман хамидаһ»-деп тіке тұрады Тіке тұрып: «Роббәнә ләкәл-хамд»-дейді. «Аллаһу акбар»-деп сәждеге барады. Сәждеде: «Субхана Роббиал аъла»-деп 3 рет айтады. «Аллаһу акбар»-деп сәл тіке отырады. «Аллаһу акбар»-деп қайта сәждеге барады. Сәждеде:«Субхана Роббиал аъла»-деп 3 рет айтады. «Аллаһу акбар»-деп тіке отырады. «Әттәхият» дұғасын оқиды. «Аллаһу акбар»-деп 3 ракатқа қол байлап тұрады
Үшінші ракат.
Бисмилләһи... «Фатиха» сүресі «Аллаһу акбар»-деп рукуъге барады. Рукуъте: «Субхана Роббиал-ъазим» 3 рет айтады. «Самиъаллаһу лиман хамидаһ»-деп тіке тұрады. Тіке тұрып: «Роббәнә ләкәл-хамд»-дейді. «Аллаһу акбар»-деп сәждеге барады. Сәждеде: «Субхана Роббиал аъла»-деп 3 рет айтады. «Аллаһу акбар»-деп сәл тіке отырады. «Аллаһу акбар»-деп қайта сәждеге барады. Сәждеде:«Субхана Роббиал аъла»-деп 3 рет айтады. «Аллаһу акбар»-деп 4 ракатқа қол байлап тұрады.
Төртінші ракат.
Бисмилләһи... «Фатиха» сүресі «Аллаһу акбар»-деп рукуъке барады. Рукуъте: «Субхана Роббиал-ъазим» 3 рет айтады. «Самиъаллаһу лиман хамидаһ»-деп тіке тұрады. Тіке тұрып: «Роббәнә ләкәл-хамд»-дейді. «Аллаһу акбар»-деп сәждеге барады. Сәждеде: «Субхана Роббиал аъла»-деп 3 рет айтады. «Аллаһу акбар»-деп сәл тіке отырады. «Аллаһу акбар»-деп қайта сәждеге барады. Сәждеде:«Субхана Роббиал аъла»-деп 3 рет айтады. «Аллаһу акбар»-деп тіке отырады. «Әттәхият» дұғасын оқиды. «Салауат» дұғасы «Роббәнә әтинә» дұғасы. Оң иыққа қарап: « Әс-сәләму ъалайкум уа рохматуллаһ» Сол иыққа қарап: « Әс-сәләму ъалайкум уа рохматуллаһ» Батасы: « Аллаһумма әнтәс-сәләм уа минкәс-сәләм. Тәбәроктә иа залжалали уал икром»
Дереккөздер
Санат:Намаз Санат:Ислам