Сергей Николаевич Алфераки (1850 - 1918, Ресей) - саяхатшы, ғалым-лепидоэптеролог. Таганрог өңірінің, Кавказдың, Құлжа мен Жетісу аймағының фаунасын зерттеген. Альферакидің 1879 жылы ғылыми сапар нәтижесін баяндаған "Құлжа мен Тянь Шань. Жол- сапар жазбалары" атты очерктерінде Іле алабының батыс бөлігіндегі құм қойнауын, Жетісудың сол кездегі бай флорасы мен фаунасын сипаттап, мол мағлүматтар береді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер