Серік Ғабдұлдұлы - 1937 жылы 17 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келген.

Сол ауылдағы С.Аманжолов атындағы орта мектепті бітіреді. 1966 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Отыз жылға таяу облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газетінде журналистік жұмыс атқарады. Мамандығы — филолог.

1991—1995 жылдары халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Шығыс Қазақстан облыстық үжымының төрағасы болып қызмет етті. 2001 жылдан бері Өскеменде шығатын аймақтық әдеби-мәдени және қоғамдық «Ақ Ертіс» журналының Бас редакторы, Өскемен қаласында 1997 жылдан бері өзі ұйымдастырған жас ақындардың «Шабыт» мектебін басқарады. Шығармалары «Көктем лебі» (топтама 1975), «Бұқтырма сарыны» (1978), «Көктем — көкөрім шағым» (1982), «Ақ босаға» (салт-дәстүр танымы, 1993), «Жылдардай жеткен жаңғырық» (1995, очерктер жинағы), «Сөйле, менің жүрегім» (1998), «Алтай асу» (2003), «Ұланғайыр» (2003) жыр жинақтары жарық көрді.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ақындары Санат:Шығыс Қазақстан облысында туғандар Санат:1937 жылы туғандар