Түсіндірмелі салалас сөйлем — синтаксистік компоненттерінің алғашқысында айтылған іс-әрекет, оқиға желісінің мәні кейінгі компонентте сараланып, түсіндіріліп, ашылып отыратын кұрмалас сөйлем. Түсіндірмелі салалас сөйлемнің басты ерекшелігі — оның компоненттерінің жалғаулықсыз байланысып отыратындығында. Түсіндірмелі салалас сөйлемнің бірінші компонентінің баяндауышы ретінде сол, соншама, соншалық, сондай сияқты есімдіктер мен үстеу сөздер қызмет етіп, екі жай сөйлемді құрмаластырып тұрады. Мысалы: Атыстың күштілігі сонша, күн күркіреп, жер соғылғандай болып жатты (М. Ғабдуллин). Түсіндірмелі салалас сөйлем 1961 жылғы "Казіргі казактілі грамматикасы. Синтаксис" оқулығында ілікпіес салалас деп берілген (216-217-6.).Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Дереккөздер

Санат:Лингвистика