Септік жалғауларының тізілісі — бірыңғай септік жалғаулы сөздердің бір-біріне бағынышты түрде тізіле орналасуы. Мұндай тізіліс әсіресе ілік Жалғаулы сөздердің қолданылуында жиі кездеседі. Мысалы: Тастанның атының тағаларының емшектері әлі мұқалмаған. Қазақтың қолөнерінің көрмесінің ашылған күні. Бірак мұндай қолданыс стилистикалық нормаға сай келе бермейді. Мүмкіндігінше ілік жалғауы тізілістің ең соңғы сөзінде ғана сақталуы тиіс: Қазақ қолөнері көрмесінің ашылған күні.Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. ISBN 9965-409-88-9

Тағы қараныз Септеулік шылаулар Септеу Септік Септік жалғау Грамматика Морфология Қазақ тілі

Дереккөздер

Санат:Лингвистика Санат:Қазақ тілі Санат:Грамматика