Қаржы бизнесі - қаржы нарығындағы қаржы активтерін сатып алу-сатудан тұратын қызмет. Коммерциялық және инвестициялық банкілер, несие одақтары, зейнетакы корлары, сақтандыру ұйымдары сиякты несие-қаржы институттары, сондай-ақ мамандандырылған қаржы компаниялары қор биржалары, өндірістік және сауда компаниялары, халық жүзеге асырады. Қаржы бизнесі бағалы қағаздармен — мемлекеттік және корпоративтік акциялармен, облигациялармен, вексельдермен,т. б., сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен - опциондармен, фьючерстермен, своптармен т. б. жасалатын операцияларды қамтиды.Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2 Дереккөздер
Санат:Экономика Санат:Қаржы