Арынғазы Әбутәліпұлы Егеубаев (7 мамыр 1941 жылы туған, Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Тұңғыш ауылы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1995), профессор (1997), Қазақ КСР-і Халық ағарту ісінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылыми академиясының академигі (1995)

Тарақты руынан шыққан.

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1968) және аспирантурасын (1974) бітірген. Еңбек жолын веттехник (1961–63) болумен бастаған Егеубаев институтта комсомол комитетітінің хатшысы, ассистент, аға оқытушы, доцент (1975–86), кафедра меңгерушісі, декан, проректор (1986–96) қызметтерін атқарды. 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінде кафедра меңгерушісі, Жоғары фермерлер мектебінің жетекшісі. 1995 ж. «Микроминеральное питание жвачных животных в никеловой биогеохимической провинции Республики Казахстан» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Егеубаев 80-нен астам ғылыми-зерттеу еңбектің авторы.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1941 жылы туғандар Санат:Қостанай ауданында туғандар Санат:Қазақстан зоологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері