Өндірістік оқытуы шебері - кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы педагогика мамандығы, КТУ-дағы педагогика-инженерлік жұмыскерлердің лауазымы. Өндірістік оқытуы шебері - мамандыққа оқытатын негізгі мұғалім және болашақ мамандардың тәрбиешісі. Оның негізгі міндеті - мамандыққа сай терең білім алған, сол білімін жаңа техника мен технологияларды игеруде шығармашылықпен қолдана білетін, бәсекеге қабілетті, халық шаруашылығына қажет жұмысшыларды дайындауды қамтамасыз ету.

Өндірістік оқыту шебері оқушылар бойында кәсіби білім мен дағдыны қалыптастырады; оларды жұмыстарды оңтайлы орындаудың жолдары мен тәсілдерін орындауға үйретеді; Ресурстарды ұқыптылықпен жұмсау, жоғары сапалы өнімдерді дайындау, тәртіпті және еңбек қауіпсіздігін сақтау дағдысын қалыптастырады; сабақтар мен т.б. материалдық және әдістемелік дайындықты іске асырады; Шеберлер әдетте жоғары не орта арнаулы білімді, жұмысына сәйкес кәсіби біліктілігі бар адамдар болады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6

Дереккөздер

Санат:Педагогика Санат:Терминология