Алабұлбұл немесе Қырқылдақ торғай () — сайрауықтар туыстасына жататын құс. Туыстың жалғыз түрі - (кейде бұлбұлдар туысына жатқызады).
Сырт пiшiнi Дене тұрқы 15 см, қанатының ұзындығы 65—79 мм. Арқасы, қанаты қара ңоңы]і, құйрығы қоңыр қа-ра, маңдайы, көзінің айналасы, тама-ғы ақ, жемсауы кок тұсті. ¥ясын жерге жасап, 4—7 жұмыртқа салады. 13 - 15 күнде балапан басып шығарады. Қырқылдақ торғай осімдік жемісі және насекомдармен қоректенеді. Жақсы сайрайтын құс. Аталықтарының көктемде алқымының түсі көгілдір сарғыш немесе ақшылт дақтарымен - күзде - ақшылт болады.
Таралуы Қырқылдақ торғай Солтүстік Еуропа, Оңтүстік Азия, Африкада, Ресейде батыс шекарадан Чукоткаға дейін (шөлді жерлерде кездеспейді), ңалың бұталы, өзен, көл жағаларында, таулы жерлерде 3500 м биіктікке дейін таралған. Қазақстанда Орал, Ырғыз, Шу, Іле, Қаратал өзендері және Алакөл алқабында кездеседі.
Мекендеуi Еуразияда таралған; ТМД-да - Солтүстік-те орман тундыраға дейін- Оңтүстігінде тау және қырға дейін - елдің оңтүстігіне дейін таралған. Жыл құсы. Бұташалы жерлерде- батпақты - суаттардың жағалауы маңдарында кездеседі. Аталықтар дыбыстап жоғары көтеріледі де - қанаты мен құйырығын жая жерге төмендейді.
Қоректенуі, көбеюі Ұяларын жерге салады. Жәндіктермен - күзде жемістерді жеп қоректенеді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN9965-08-286-3
Түршелері Luscinia svecica abbotti Luscinia svecica altaica Luscinia svecica cyanecula Luscinia svecica gaetkei Luscinia svecica grotei Luscinia svecica kobdensis Luscinia svecica luristanica Luscinia svecica magna Luscinia svecica namnetum Luscinia svecica occidentalis Luscinia svecica pallidogularis Luscinia svecica przewalskii Luscinia svecica robusta Luscinia svecica saturatior Luscinia svecica svecica Luscinia svecica tianshanica Luscinia svecica volgae
Дереккөздер
Санат:Бұлбұлдар