Желпіушқанаттылар, желпімелілер, желпiқанаттылар () - немесе Orneodidae) - түнгі көбелектер туыстасы.

Қанатының құлашы 12-25 мм - желпітәрізді, әр қайсысы 6 жеке желпімеге бөлінген (осыдан аталуы). Ауыз түтігі жақсы дамыған. Жұлдызқұрты өсімдіктердің ұлпасында дамиды. Қуыршақтануы топырақта немесе қоректену орындарында өтеді. 100- дей түрі бар- көбінесе тропикалық аймақтарда кездеседі; ТМД-да 30 түрден аспайды. Көбінесе Alucita dodedactyla және A. Hexadactyla - бөріжидекте- A. Grammodactyla - скабиозде.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Қабыршақ қанаттылар