Джеймс Аббот (1807–1896) — ағылшын зерттеушісі, армия капитаны. 1840-жылдың сәуір-мамыр айларыңда ағылшын елшілігінің құрамында (Г.Стоддарт, В.Шекспир, А.Кополли) әскери-дипломатиялық тапсырмамен Орта Азия хандықтары мен Қазақстанда болып қайтқан.Қ 18 «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия / Бас ред. Ә. Нысанбаев. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — 720 бет. ISBN 5-89800-123-9
Елшіліктің алдына қойған мақсаты Хиуа және Бұхар хандықтарын Ресейге қарсы одаққа тарту болды. Аббот осы бағытта қазақтар арасында да барлау жүргізді. 1840 жылы 4 мамырда оны Есет Көтібарұлы тұтқынға алады. Бірақ ол түрікмендердің көмегімен құтылып шығып, Ново-Александровск (қазіргі Ақтау қаласы) бекінісіндегі орыс әкімшілігіне келіп паналады. Ақыр аяғында Орынбор арқылы Петерборға жетіп, еліне оралды. Абботтың «Гераттан Хиуаға, Мәскеуге және Санкт-Петербургке саяхат күнделігі» (Лондон, 1843) аталатын 2 томдық еңбегінде Батыс Қазақстанның елді мекендері туралы көптеген дерек бар. Шеркеш, Жармұхамед есімді қазақ байларымен кездесіп, Кіші жүз қазақтарының орыстар жөніндегі көзқарасына, әскери жасақтары мен қару жарағына назар аударды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-ХA b b о t J. Narrative of a journey from Heraut to Shiva, Moscow and St. Petersburg during the late Russian invasion of Khiva; With some account of the Court of Khiva and the Kingdom of Khaurism. Vol І-П. L„ 1843.
Дереккөздер
Санат:Англия тарихшылары Санат:1807 жылы туғандар Санат:1896 жылы қайтыс болғандар