Абдоллаев Марат Шәдібайұлы (28 наурыз 1957 жыл туған, Қызылорда облысы, Қазақ КСР, КСРО) – хирург, медициналық ғылымдарының докторы (1997), профессор (1998).
Өмірбаяны Алматы мемлекеттік медицина институтын (1980, қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті), Мәскеу қаласындағы Проктология ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1987) бітірген. Қызылорда облыстық ауруханасында (1980-83) және Алматы қаласындағы №1-клиникалық ауруханасында хирург(1983-85), Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант (1987-89), Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында проктология бөлімінің меңгерушісі (1989-2005) қызметтерін атқарды. 2005 жылдан Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры. Қазақстан проктолог-дәрігерлер қауымдастығының президенті (1998). «Медицинская реаблитация женщин с заболеваниями промежности неопухлевой эрпологии» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 2 монографиясы мен 107 ғылыми мақаласы жарық көрген.
Марапаттары «Құрмет» ордені (2004).«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті түлектері