Суаршын қандалалар () — қандалалар кіші сабының бірнеше тұқымдастары.

Дене ұзындығы 1-34 мм. 700-дей түрлері белгілі – ТМД-да 40 астам түрі бар. Су бетінде-ылғалды мүкте – су жағалауларында мекендейді; Halobates туысының түрлері жиектен бірнеше шақырым қашыкгыкта – тропикалық және субтропикалық теңіздер мен мүхиттардың су бетінде тіршілік етеді. Ұсақ түрлері бетін өсімдік басқан суларда – ал ірілері ашық су бетінде кең адымдап – жылжи жүреді. Ұсақ омыртқасыздардың сөлімен – су бетіндегі олардың өлекселерімен қоректенеді. Тұщы су суаршын қандалалар жұмыртұаларын өсімдіктерге – ал теңіз түрлері су бетінде қалқып жүрген әртүрлі заттарға салады. ТМД-да Gerris туыс түрлері кездеседі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Жартылай қатты қанаттылар