Галогенидтер, табиғи галогенидтер, галоидтар – минералдар тобы, галлосутекті қышқылдардың тұздары (НҒ, HCl, HBr, HI). Сипаты thumb|Күміс хлориды (AgCl) Құрамына сәйкес 4 топқа бөлінеді: фторидтер хлоридтер бромидтер иодиттер. Табиғатта көбірек тарағаны хлоридтер (70-ке жуық минерал) мен фторидтер (30-ға жуық минерал), иодиттер өте сирек (не бары 5 – 6 минерал). Бромидтер мен иодиттерге, сондай-ақ халькофильді элементтер қосылыстарының құрылымында коваленттік байланыстың рөлі арта түседі. Көпшілік қосылыстары, әсіресе, литофильді катионды қосылыстар әдетте түссіз, халькофильді катионды қосылыстардың түсі қанық (Cu қосылысы – көк, жасыл, Bі – сары, Fe – қоңыр, жасыл, Ag – сары, жасылдау, қара). Литофильді элементтердің хлориді суда жақсы ериді. Фторидтер тобының минералдары: флюорит СаҒ2, виллиомит NaҒ, криолит Na3AlҒ6, т.б; хлоридтер класының минералдары: галит NaCl, сильвин KCl, бишофит MgCl2•6H2O, т.б.
Байланысу типтері Галогенидтер ішіндегі метал мен галоген көбінесе иондық байланыс арқылы байланысады. Ал бейметалдармен галогендер көбіне коваленттік байланыс түзеді. Жеңіл галогендерден тұратын галогенидтер молекулалары байланысы күшті полярлы болады.
Алу Фторидтердің жаратылысы гипогендік (пегматиттер мен гидротермальды желілерде), хлоридтер және т.б. Г. гипергенді жағдайда (шөгінді және тотығу аймағы) түзіледі. Қолданылуы Галогенидтер флюс ретінде, электр металлургиясында (тазартылған Аl және Mg алуда), кристалл өсіруде еріткіш ретінде, химия және энергетика өнеркәсібінде қолданылады. Қазақ Энциклопедиясы Дереккөздер
Санат:Бейорганикалық заттар Санат:Минералдар