Алғабас — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Алғабас ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Чапаевтан солтүстік-батысқа қарай 65 км жерде, Жайықтың Көшім тармағы мен Дүре жайылмасы аралығындағы жазық келген қуаң агроклиматтық белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1244 адам (628 ер адам және 616 әйел адам) болса, 2009 жылы 1264 адамды (637 ер адам және 627 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1030 адамды (523 ер адам және 507 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1963 жылы «Алғабас» қой өсіру кеңшары ретінде қаланды. 1993 жылға дейін "Верхний Вологин" селосы аталып келді. 1997 жылдан кеңшар негізінде 29 шаруа қожалығы мен 1 ЖШС жұмыс істейді. Алғабаста және ауылдық округ құрамындағы Қарағай, Бесоба, Тоған, Жаңажол, Тегісжол ауылдарында 2 орта, 2 орталау, бастауыш мектеп, 2 мәдениет үйі, 5 кітапхана, дәрігерлік амбулатория мен 5 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Ауыл көшелері А. Сапаров көшесі Б. Смайлов көшесі Бейбітшілік көшесі Е. Орақбаев көшесі Ж. Сидағалиев көшесі З. Жұбандықов көшесі Қ. Еділбаев көшесі Орталық көшесі

Дереккөздер

Санат:Ақжайық ауданы елді мекендері