Байғалиев Рақым (28.12. 1912 жылы туған, бұрынғы Тайпақ ауылы - 8.11.2001Справочник по архивным фондам личного происхождения. Алматы 2017, c. 79-80 ) - мемлекет, қоғам қайраткері. Жастайынан жетім қалып, Оралдағы балалар үйінде тәрбиеленген. 1937 ж. Мәскеу түсті металдар және алтын институтын бітіргеннен кейін Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарының кен орындарында істеғен. Ұлы Отан соғысының ардагері. Теміртау қалалық партия комитетінің (1949-51), Қарағанды облысы комитетінің хатшысы (1951-55), ҚазақКСР мемл. жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары (1955-57), Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы және ҚазКСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары (1960-62) қызметтерін атқарған. 1962-65 ж. Алматы облысы комитетінің 1-хатшысы, ҚКП ОК-нің хатшысы және оның өнеркәсіп пен құрылысқа басшылық ету жөніндегі бюросының төрағасы. КСРО Жоғары Кеңесінің (1958, 1962), Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің (1954,1963) депутаты. 2 Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қызыл жұлдыз, 2-дөр. Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. Қазір Алматыда тұрады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Қазақстан КП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшылары