'Байысов Наурыз (1893, Казталов ауданы, Балықты ауылы — 1959) - жылқышы, Социалистік Еңбек Ері (1948). 1931 ж. «Красный партизан» кеңшарында (кейін «Ақпөтер» кеңшары) бақташы, 1946 ж. аға жылқышы болды. Қарауындағы малды шығынсыз бағып, төл алуда жоғары көрсеткіштерге жеткені үшін сол кездегі ең мәртебелі атаққа ие болды. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері