Амангелді — Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданындағы ауыл, Амангелді ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Тасқала ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 28 км-дей жерде, 1-ші Шежін өзенінің бетеге, боз, сұлыбас өскен шалғынды қоңыр, қызылқоңыр топырақты, белесті-төбелі, орманды дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1171 адам (575 ер адам және 596 әйел адам) болса, 2009 жылы 1165 адамды (567 ер адам және 598 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1226 адамды (606 ер адам және 620 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1969 жылы Амангелді атындағы астық өсіру кеңшары ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан әр түрлі меншіктегі 3 серіктестік, өндіріс кооператив және 18 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Амангелдіде және округке қарасты Беленькое, Ермольчево және 1-Шежін ауылдарында 3 бастауыш, 1 орта мектеп, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетеді.Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Ауыл көшелері Абай көшесі Амангелді көшесі Астана (Ленин) көшесі Бейбітшілік (Мир) көшесі Жамбыл көшесі Жуков көшесі И. Мәжитов көшесі С. Жақсығұлов (Центральная) көшесі С. Лұқпанов (Чапаев) көшесі Сарайшық (60 лет Октября) көшесі Саржайлау (Степная) көшесі Т. Бигелдинов көшесі Т. Рысқұлов (Гагарин) көшесі Таңшолпан (Юбилейная) көшесі Х. Есенжанов (Газовиков) көшесі

Дереккөздер

Санат:Тасқала ауданы елді мекендері