Прасковья Никитична Ангелина (Паша Ангелина) (12.1.1913 Екатеринослав губерниясы, Мариуполь ауданы, Старобешево ауылы, Ресей империясы -21.1.1959 Мәскеу, КСРО) - Украин КСР-інің атақты механизаторы, Донецк облысы, Старобешев ауданының "Заповедь Ильича" ұжымшарының трактор бригадасының бригадирі. Шығу тегі — грек. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері (1947, 1958). 1938 жылы Ангелина "Жүз мың қыз-келіншек — тракторға!" деген үндеу тастағаннан кейін бұқаралық қозғалыс басталып, 200 000 қыз-келіншек тракторшы мамандығын игерді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Ангелина Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында (Буденов МТС-інде) тракторшы әйелдер бригадасын басқарды. 1946 ж. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Пайдаланған әдебиттер

Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1913 жылы туғандар Санат:1959 жылы қайтыс болғандар Санат:Екі мәрте Социалистік еңбек ерлері Санат:К. А. Тимирязев атындағы РМАУ-МАША түлектері