Мизостомидтер () – буылтық құрттар, денесі диск тәрізді, сыртынан қарағанда буынтақталмаған, ұзындығы 3 тен 30 мм дейін. Тікенектілердің комменсалдары, экто және эндопаразиттері. Денесінің 5 құрсақ буынтақтарының әр қайсысында, мизостомидтер ие денесіне жабысатын бір жұптан орналасқан қармақ тәрізді қылтанақтары бар. Бас жағының шетінде мұрттары, сезім мүшелері, жылжымалы тұмсығы, ауыз қуысы мен өңеші бар. Жүйке жүйесі жақсы жетілген, мидан, тамақ маңы жүйке тізбегінен тұрады. Зәр шығару мүшесі, метанефридии. Гермофродиттер. Мизостомидтер дернәсілі, трохофора. Тропикалық және субтропикалық теңіздерде 130 түрі белгілі; ТМД-да 6 түрі Баренц, Карск, Охот және Жапон теңіздерінде таралған.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Көпқылтанды құрттар‎