thumb|right|200px|Әл-Фарабидің «Кitab ihsa' al-'ulum» трактатының латынша нұсқасы. Ғылымдар тізбегі немесе Ғылымдар классификациясы — Әл-Фарабидің атақты еңбектерінің бірі.

Автордың өз сөзінше, бұл кітапта белгілі ғылымдардың әрқайсысы жеке-жеке алынып, мазмұны баяндалып, тараулары көрсетілген. Кітап бес бөлімнен тұрады: тіл білімі және оның тараулары; логика және оның тараулары; математика, яғни арифметика, геометрия, оптика, матем. астрономия, музыка, статика, айла-әрекет жөнінде ғылым; физика тараулары, метафизика және оның тараулары; азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және қалам. Әл-Фараби классификациясының басты ерекшеліктері – жаратылыстану, математика ғылымдарына үлкен мән берілген.

Бұл еңбек 500 жыл бойы Шығыс және Батыс елдерінің жоғары мектептерінде ғылым салалары оқулығы ретінде пайдаланылған, 12 ғ-да латын тіліне екі рет аударылған. Ибн Сина, Бэкон, т.б. ғалымдар классификациялау мәселесінде бұл еңбекке көп еліктеген. Орыс тіліне («Философские трактаты», 1970), қазақ тіліне («Философиялық трактаттар», 1973) аударылып басылды.Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Әл-Фараби Санат:Ғылым